Спорт • 11 Қазан, 2022

Әскер спортшысы әлем чемпионатында  қола жүлдегер атанды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушысы қатардағы жауынгер Әсем Орынбай стендтік атудан әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскер спортшысы әлем чемпионатында  қола жүлдегер атанды

Халықаралық сайыс осы күндері Хорватия елінің Осиек қаласында өтіп жатыр. Оған әлемнің 77 елінен 650-ден аса спортшы қатысуда.

«Skeet мix» аралас жаттығуында әскер спортшысы Әсем Орынбай Эдуард Ещенкомен бірге Ұлыбритания мен Италиядан келген қарсыластарына ғана есе жіберіп, қола жүлде жеңіп алды.

Әсем Орынбай – 2018 жылғы Азия чемпионатының күміс, 2021 жылы Каирде өткен Әлем кубогының қола жүлдегері, 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарына қатысқан.